Контентке өту

Атыраудағы қанды іс: күдікті қайын апасын 32 рет пышақтағанын мойындады

Атыраудағы қанды іс: күдікті қайын апасын 32 рет пышақтағанын мойындады
ашық дерек

Атырауда бүтін бір отбасының өліміне қатысты айыпталып отырған Сұлтан Сәрсемәлиев сот барысында қайын апасын 32 рет пышақтағанын мойындады, деп хабарлайды baq-orda.kz.

Сотта белгілі болғандай, айыпталушы бұрынғы жұбайы Ақбаян Мұқанғалиевамен арадағы қарым-қатынастың шиеленісіп кеткенін айтқан. Оның сөзінше, отбасындағы жанжалдар мен туыстар арасындағы келіспеушіліктер уақыт өте күрделене түскен.

Сәрсемәлиев Ақбаянмен 2016 жылы танысып, сол жылы некесін тіркегенін жеткізді. Ерлі-зайыпты бес бала тәрбиелеген. Алайда кейін бірге тұру мәселесіне байланысты арада түсініспеушіліктер туындап, 2022 жылы олар ажырасқан.

Сот материалдарына сәйкес, күдікті 2023 жылдың басында отбасымен қайта татуласуға әрекет жасаған. Ол бұрынғы жұбайымен және балаларымен қайта бірге тұрғанын айтып, «отбасыммен қарым-қатынасымды түзегім келді» деген уәж келтірді.

Алайда тергеу нұсқасы бойынша, кейін жанжал ушығып, қайғылы жағдай орын алған. Іс барысында айыпталушы қайын апасына 32 рет пышақ жарақатын салғанын мойындады.

Қазіргі таңда сот процесі жалғасып жатыр. Қоғамда үлкен резонанс тудырған іс бойынша барлық мән-жай анықталуда.

Admin

Baq-orda.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламаларды өткізіп алмаңыз және сүйікті айдарларды кез келген жерде бақылаңыз.

Қосымша скриншоты Қосымша скриншоты