Контентке өту

Атыраудағы сотта Ақбаян Мұқанғалиеваға қатысты тың мәлімет айтылды

Атыраудағы сотта Ақбаян Мұқанғалиеваға қатысты тың мәлімет айтылды
ашық дерек

Атырауда бірнеше адамның өліміне қатысты өтіп жатқан сот процесінде жаңа деректер жария болды, деп хабарлайды baq-orda.kz.

Сот отырысында марқұм Мақсұт Қарабалиннің қарындасы Әдемі Шілмағамбетова куәлік беріп, Ақбаян Мұқанғалиеваның 2022 жылы күйеуінің үйінен кетуіне қатысты өз нұсқасын айтты.

Оның сөзінше, Ақбаянды туыстары ешқандай себепсіз алып кетпеген. Керісінше, ол әкесіне хабарласып, Сұлтан Сәрсемалиевті басқа әйелмен ұстап алғанын және онымен бірге тұра алмайтынын жеткізген.

Куәгердің айтуынша, осы жағдайдан кейін ғана әкесі келіп, қызын өз үйіне алып кеткен.

Әдемі Шілмағамбетова сот барысында бұл мәселеге туыстарының әдейі араласпағанын және шешімнің Ақбаянның өтініші негізінде қабылданғанын атап өтті.

Еске салайық, Атырауда Сұлтан Сәрсемалиевке қатысты атышулы қылмыстық іс бойынша сот процесі жалғасып жатыр. Іс аясында жәбірленушілер мен куәгерлерден жауап алынуда.

Admin

Baq-orda.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламаларды өткізіп алмаңыз және сүйікті айдарларды кез келген жерде бақылаңыз.

Қосымша скриншоты Қосымша скриншоты