Контентке өту

Ауылдағы медицина қызметкерлеріне 8,5 млн теңге ынталандыру төлемі беріледі

Ауылдағы медицина қызметкерлеріне 8,5 млн теңге ынталандыру төлемі беріледі
t.me/KZgovernment
Қазақстанда ауылдық жерлерге жұмыс істеуге барған аса тапшы мамандықтар бойынша медицина қызметкерлеріне біржолғы қаржылай қолдау көрсетіледі. Бұл мақсатта әр маманға 8,5 миллион теңге көлемінде төлем қарастырылған, деп хабарлайды Baq-Orda ақпарат агенттігі.

Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарованың мәліметінше, ауылдық елді мекендерге барып қызмет ететін медицина мамандарына «Дипломмен ауылға!» бағдарламасы шеңберінде де қосымша әлеуметтік қолдау шаралары ұсынылады.

Сондай-ақ, медицина қызметкерлерінің мәртебесін арттыру үшін әлеуметтік кепілдіктер мен ынталандырушы төлемдер пакеті кеңейтілді.

'БАҚ Орда' ақпараттық порталы