Контентке өту

Баян Алагөзова 500 мың теңгелік би байқауын жариялады

Баян Алагөзова 500 мың теңгелік би байқауын жариялады
ашық дерек

Қазақстандық продюсер Баян Алагөзова әлеуметтік желіде жаңа байқау жариялап, оқырмандарын белсенділікке шақырды, деп хабарлайды baq-orda.kz.
 

Бұл бастамаға оның жұбайы, кәсіпкер Тұрсын Алагөзовтің биі себеп болған. Бұған дейін бизнесмен әнші Sherineнің әніне билеп, желі қолданушыларының назарын аударған еді. Қысқа видео көпшілікке ұнап, миллиондаған қаралым жинады.

Осы танымалдықтың аясында Баян Алагөзова ерекше челлендж ұсынды. Ол жазылушыларынан дәл сол биді айнытпай қайталауды сұрап, ең үздік қатысушыға 500 мың теңге көлемінде сыйақы беретінін мәлімдеді.

«Осы биді дәлме-дәл қайтала» атты байқауда басты шарт – қозғалыстарды түпнұсқадан айнытпай орындау. Продюсердің айтуынша, мұны дәл қайталау қиын, бірақ мүмкін екенін дәлелдейтіндер табылуы мүмкін.

Желі қолданушылары бұл бастаманы қызу қолдап, челленджге қатысуға ниетті екенін білдіріп жатыр. Байқаудың қаншалықты ауқымды болатыны алдағы уақытта белгілі болады.

Admin

Baq-orda.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламаларды өткізіп алмаңыз және сүйікті айдарларды кез келген жерде бақылаңыз.

Қосымша скриншоты Қосымша скриншоты