Танымал әнші Мейрамбек Беспаев әріптесі Еркеш Қасен үшін ерекше тосынсый жасап, көпшіліктің ықыласына бөленді, деп хабарлайды baq-orda.kz.
Оқиға Көвер шоу бағдарламасының түсірілімі кезінде болған. Бағдарлама соңына қарай Мейрамбек Беспаев әріптесінен: «Үйге жететін көлігің бар ма?» деп сұрайды. Еркеш Қасен такси шақырып қойғанын айтқанда, бұл жауап әншінің көңіліне әсер етеді.
Келесі күні Мейрамбек Беспаев Еркешті арнайы кабинетіне шақырып, шынайы ниетін білдіреді. «Кешегі сөзің жүрегіме тиді. Карточкаңның нөмірін қалдыр, жақын күндері ақша аударам, өзіңе көлік сатып ал», – деп ұсыныс жасайды. Айтқан сөзінде тұрып, көп ұзамай қаржылай көмек көрсетеді.
Нәтижесінде Еркеш Қасен сол қаражатқа автокөлік сатып алып, қуанышын әлеуметтік желіде бөліскен.
Бұл оқиға ағалық қамқорлық пен шынайы жанашырлықтың жарқын үлгісіне айналып, көпшіліктің жүрегін жылытты.