Контентке өту

Дана Нұржігіт: «Әкем маған бір көлікке толы төсем әкеліп берді»

Дана Нұржігіт: «Әкем маған бір көлікке толы төсем әкеліп берді»
ашық дерек

Тележүргізуші әрі журналист Дана Нұржігіт Наташа Қалымбетованың өміріндегі ауыр оқиға туралы сұхбаттан кейін өзінің балалық шағындағы естелігін жазды, деп хабарлайды baq-orda.kz.

Ол Наташаның етеккір келгені үшін анасының қолынан қорлық көргені туралы әңгімесі ұзақ уақыт ойынан шықпай жүргенін айтты.

«Қыз ғұмырының ең маңызды кезеңдерінің бірі қорлау мен қорқыныштан басталса, оны өз анасынан көрсе, оның жан дүниесіне қаншалықты ауыр із қалатынын елестетудің өзі қиын», – деп жазды журналист.

Осы ойлардан кейін Дана Нұржігіт өз өміріндегі мүлде басқа оқиғаны еске алғанын жеткізді. Оның айтуынша, 14 жасында интернатта оқып жүрген кезде алғаш рет бойжеткенін түсінген.

Жаңалықты анасына айтқанда, анасы қызының қорықпағанына қуанып, жылы қабылдаған. Ал келесі күні қызы үшін арнайы интернатқа келген әкесінің әрекеті журналистің жадында мәңгі сақталып қалған.

«Қоштасарда әкем көлігін нұсқап, ішінде бір нәрсе барын айтты. Барсам, шағын автобустың іші гигиеналық төсемдерге толы екен. Сол кезде тапшы болған затты қайдан тауып жүргенін білмеймін, бірақ қызым қиналмасын деп арнайы әкеліпті», – деп еске алды ол.

Журналист әкесінің бұл қамқорлығын өміріндегі ең қымбат естеліктердің бірі деп бағалайды.

«Соны айта алмай қысылып тұрған әкешім менің. Жатқан жерің жайлы болсын», – деп жазды Дана Нұржігіт.

Ол сондай-ақ демалыс күні үйіне келгенде ата-анасы бойжеткен шағын ерекше ықыласпен қарсы алғанын айтты.

«Үстел үстінде гүлге толы ваза тұрды. Менің құрметіме...» – деп еске алды журналист.

Дана Нұржігіттің жазбасы әлеуметтік желіде қызу талқыланып, көпшілік ата-ананың қыз балаға деген қамқорлығы мен қолдауы оның болашақ өміріне үлкен әсер ететінін атап өтті.

Admin

Baq-orda.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламаларды өткізіп алмаңыз және сүйікті айдарларды кез келген жерде бақылаңыз.

Қосымша скриншоты Қосымша скриншоты