Контентке өту

Димаштың әні Польша хит-парадында бір жыл бойы көш бастап тұр

Димаштың әні Польша хит-парадында бір жыл бойы көш бастап тұр
ашық дерек

Қазақстандық әлемге танымал әнші Димаш Құдайбергеннің Love’s Not Over Yet композициясы Польшадағы Radio Olsztyn радиосының хит-парадында рекордтық көрсеткішке қол жеткізді, деп хабарлайды baq-orda.kz

Аталған ән 52 апта бойы үздік позициядан түспей, тыңдармандардың жоғары бағасына ие болып келеді. Осы уақыт ішінде туынды тек бір рет қана көшбасшылық орнын уақытша жоғалтқанымен, келесі аптада қайтадан бірінші орынға көтерілген.

Сарапшылар мұндай ұзақ мерзімді табысты тек сапалы музыкалық өніммен ғана емес, сонымен қатар шетелдік аудиторияның, әсіресе польша тыңдармандарының ерекше қолдауымен байланыстырады.

Айта кетейік, хит-парад деректерінде көрсетілген «Bez zmian. 52 tydzień na liście» деген белгі – әннің 52 апта бойы рейтингтің шыңында өзгеріссіз тұрғанын білдіреді. Бұл көрсеткіш аталған композицияның тұрақты танымалдылығын дәлелдейді.

Сонымен қатар, Димаштың шығармашылығы халықаралық деңгейде де үлкен сұранысқа ие. Түркістанда түсірілген қатысуымен жасалған халықаралық тележоба 100 миллионнан астам қаралым жинаған.

Бұдан бөлек, 2025 жылы әншінің атқарушы продюсер ретінде қатысуымен Voice Beyond Horizon атты халықаралық музыкалық шоуының түсірілімі басталды.

Осылайша, Димаш Құдайберген әлемдік сахнадағы позициясын нығайтып, тыңдарман жүрегінен орын алуды жалғастырып келеді.

Admin

Baq-orda.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламаларды өткізіп алмаңыз және сүйікті айдарларды кез келген жерде бақылаңыз.

Қосымша скриншоты Қосымша скриншоты