Контентке өту

Ләйсира Марат ажырасудан кейінгі ауыр кезеңі туралы ашық айтты

Ләйсира Марат ажырасудан кейінгі ауыр кезеңі туралы ашық айтты
ашық дерек

Кәсіпкер Тұрсен Алагөзовтің бұрынғы жары Ләйсира Марат жеке өміріндегі ең қиын кезеңдердің бірі туралы алғаш рет ашық әңгімеледі. Ол бұл туралы «Вслух о личном» подкастында айтты, деп хабарлайды baq-orda.kz.

Ләйсира Мараттың сөзінше, некесінің аяқталуы оған өте ауыр соққы болған. Ол сол уақытта өмірден түңіліп, үлкен психологиялық күйзелісті бастан өткергенін жасырмады.

«Шынын айтсам, мен сол кезде өмірден түңілдім. Бұл туралы кітабымда да жазылған. Қазір сол күндерді еске алғым келмейді. Есейіп, бәрін саралай келе, сол жағдайдың ата-анама қаншалықты ауыр тигенін түсіндім. Ешбір ата-анаға баласының мен өткендей сынақтан өткенін тілемеймін», – деді ол.

Сұхбат барысында Ләйсира Марат ажырасу тек ерлі-зайыптыларға ғана емес, балаларға да әсер ететінін атап өтті. Оның айтуынша, қабылданған әрбір шешімнің салдары отбасының барлық мүшесіне тиеді.

Сондай-ақ ол бұрынғы жұбайы Тұрсен Алагөзовпен қарым-қатынасы туралы пікір білдіргенде әрдайым сақтық танытатынын жеткізді.

Айта кетейік, Ләйсира Марат соңғы жылдары жеке өмірі, отбасылық құндылықтар мен әйелдердің психологиялық жағдайы туралы жиі ой бөлісіп келеді. Подкаст барысында да ол өмірлік сынақтардан кейінгі тәжірибесімен бөлісіп, қиын кезеңдерден өту туралы пікірін айтты.

Admin

Baq-orda.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламаларды өткізіп алмаңыз және сүйікті айдарларды кез келген жерде бақылаңыз.

Қосымша скриншоты Қосымша скриншоты