Контентке өту

Мейрамбек Беспаев "Парасат" орденімен марапатталды

Мейрамбек Беспаев "Парасат" орденімен марапатталды
ашық дерек

Белгілі әнші, «Парасат» орденімен марапатталды. Бұл туралы оның сахнадағы әріптесі әрі жақын досы әлеуметтік желіде хабарлады, деп хабарлайды baq-orda.kz.

22 мамыр күні Алматыда Президенттің жарлығымен мәдениет саласының бірқатар өкілі мемлекеттік наградаға ие болды. Марапаттарды Мәдениет және ақпарат министрі табыстады.

Сәкен Майғазиев Instagram парақшасында әріптесін арнайы құттықтап, оның қазақ өнеріне қосқан үлесін ерекше атап өтті.

«Сүйінші, Қазақ елі! Мейрамбек досым “Парасат” орденімен марапатталды. Қазақ өнеріне бергенің де, берерің де көп. Абыройың асқақтай берсін. Ақ жүрегіммен қуаныштымын, досым», – деп жазды әнші.

Айта кетейік, бұған дейін Астанада Мемлекет басшысы мәдениет және өнер саласының өкілдеріне мемлекеттік наградалар тапсырған болатын.

Admin

Baq-orda.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламаларды өткізіп алмаңыз және сүйікті айдарларды кез келген жерде бақылаңыз.

Қосымша скриншоты Қосымша скриншоты