Контентке өту

Мейрамгүл Қарабалинаға қатысты тың дерек белгілі болды

Мейрамгүл Қарабалинаға қатысты тың дерек белгілі болды
ашық дерек

Атырау облысында із-түссіз жоғалып, кейіннен мәйіттері табылған отбасыға қатысты жаңа мәлімет белгілі болды. Қаза болған отбасы мүшесі Мейрамгүл Қарабалинаның жеке заттары қазіргі уақытта сарайда сақтаулы тұрғаны айтылды, деп хабарлайды baq-orda.kz.

Сонымен қатар төрт адамды өлтірді деп айыпталған Сұлтан Сәрсемәлиевке қатысты сот процесі кейінге шегерілді.

Бұған дейін істі қарап жатқан судья Зарема Хамидуллина 9 маусым күні өтетін сот отырысында іс материалдарына енгізілген бейнежазбалар көрсетілетінін және одан кейін сотталушыдан жауап алынатынын мәлімдеген болатын. Сондай-ақ ол Сәрсемәлиевке аталған отырысқа мұқият дайындалып келу қажеттігін ескерткен.

Алайда сот отырысына келген журналистердің мәліметінше, процесс 11 маусымға ауыстырылған.

Еске сала кетейік, бұған дейін бұқаралық ақпарат құралдарында Атырау облысы Жангелдин ауылындағы Қарабалиндер отбасы тұрған үйден түсірілген бейнематериал жарияланған болатын. Қоғамның назарын аударған бұл қылмыстық іс бойынша сот тергеуі жалғасып жатыр.

Алдағы сот отырысында іс бойынша маңызды дәлелдер зерттеліп, сотталушыдан жауап алынуы күтілуде.

Admin

Baq-orda.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламаларды өткізіп алмаңыз және сүйікті айдарларды кез келген жерде бақылаңыз.

Қосымша скриншоты Қосымша скриншоты