Контентке өту

Мейрамгүлге қатысты эпизод: сотта жаңа деректер айтылды

Мейрамгүлге қатысты эпизод: сотта жаңа деректер айтылды
ашық дерек

Атырау облысында төрт адамның өліміне қатысты сот процесінде айыпталушы Сұлтан Сәрсемәлиевтің қатысуымен жүргізілген тергеу экспериментінің бейнежазбасы көрсетілді, деп хабарлайды baq-orda.kz.

Бейнежазбада Сәрсемәлиев ұсталғаннан кейін тергеушілерге оқиға күні болған жайттарды өз нұсқасы бойынша баяндап, оқиғаның қалай өрбігенін көрсеткен.

Айыпталушының айтуынша, жанжал бұрынғы жұбайының туыстарымен болған отбасылық кикілжіңнен басталған. Оның сөзінше, кейін бұл жағдай Наурыз Мұқанғалиевпен арадағы төбелеске ұласқан.

Сондай-ақ сотталушы Мейрамгүл Өтешқалиеваға қатысты эпизод туралы да түсініктеме берген. Оның мәлімдеуінше, олардың арасында да жанжал болған.

Сәрсемәлиев оқиға кезінде үйде өзінің жұбайы мен баласы болғанын айтты.

Еске салайық, Сұлтан Сәрсемәлиев бұрынғы әйелінің ата-анасын, бауырын және қарындасын өлтірді деген күдікпен сот алдында жауап беріп жатыр.

Қазіргі уақытта сот процесі жалғасуда. Іс бойынша барлық мән-жай сот барысында анықталмақ.

Admin

Baq-orda.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламаларды өткізіп алмаңыз және сүйікті айдарларды кез келген жерде бақылаңыз.

Қосымша скриншоты Қосымша скриншоты