Контентке өту

Өзбекстанда төрт аяқты сәби дүниеге келді

Өзбекстанда төрт аяқты сәби дүниеге келді
ашық дерек

Өзбекстанда сирек кездесетін медициналық жағдай тіркелді. Туыстық неке салдарынан дүниеге келген нәрестенің төрт аяғы болғаны хабарланды, деп хабарлайды baq-orda.kz.

Дәрігерлер сәбиге шұғыл түрде операция жасап, артық екі аяғын алып тастаған. Мамандардың айтуынша, төрт аяқтың екеуі толыққанды қызмет атқармаған.

Қазіргі уақытта нәрестенің жағдайы тұрақты. Алайда оның толық сауығып кетуі үшін алдағы уақытта тағы бірнеше операция жасалуы мүмкін.

Мамандар туыстық некенің кейбір генетикалық аурулар мен туа біткен ақаулардың пайда болу қаупін арттыратынын айтады. Осыған байланысты дәрігерлер жақын туыстар арасындағы некеге аса сақтықпен қарауға шақырады.

Айта кетейік, қазақ халқында ежелден келе жатқан жеті атаға дейін қыз алыспау дәстүрі бар. Зерттеушілер бұл дәстүрдің ұрпақ саулығын сақтауға бағытталғанын атап өтеді.

Admin

Baq-orda.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламаларды өткізіп алмаңыз және сүйікті айдарларды кез келген жерде бақылаңыз.

Қосымша скриншоты Қосымша скриншоты