Контентке өту

Қаскелеңде Джеки Чан ойнайтын фильм түсіріледі

Қаскелеңде Джеки Чан ойнайтын фильм түсіріледі
ашық дерек

Алматы облысының Қарасай ауданындағы Қаскелең қаласында халықаралық деңгейдегі заманауи «Dala Stage» кинопавильонының құрылысы басталды, деп хабарлайды baq-orda.kz.

Облыс әкімдігінің мәліметінше, болашақ кешеннің жалпы аумағы 15 гектарды құрайды. Оның ішінде шамамен 3 мың шаршы метр аумақ өндірістік нысандарға арналған. Құрылыс жұмыстарын осы жылдың тамыз айында аяқтау жоспарланып отыр.

Жаңа алаңдағы алғашқы ірі жоба ретінде «Доспехи бога 4: Ультиматум» фильмі түсіріледі деп күтілуде. Картинада басты рөлді әлемге әйгілі актер Джеки Чан сомдайды. Ал фильмнің режиссері болып Роберт Кун тағайындалған.

Жобаның іске қосылу рәсіміне Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев қатысты. Салтанатты шара барысында актердің продюсері Ли Чиу Ва және бірқатар халықаралық студиялар мен қазақстандық компаниялармен ынтымақтастық туралы келісімдерге қол қойылды.

Іс-шараның ерекше сәттерінің бірі — Джеки Чаннан арнайы жолданған уақыт капсуласының құрылыс алаңына тікұшақпен жеткізілуі болды.

Айта кетейік, «Dala Stage» жобасы Қазақстанда креативті индустрияны дамытуға, шетелдік инвестиция тартуға және кино саласына кәсіби мамандар даярлауға бағытталған. Сонымен қатар, жоба аясында шетелдік білім беру орталықтары мен киностудиялармен тығыз байланыс орнату жоспарланған.

Admin

Baq-orda.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламаларды өткізіп алмаңыз және сүйікті айдарларды кез келген жерде бақылаңыз.

Қосымша скриншоты Қосымша скриншоты