Контентке өту

Қазақстан өңірде жасанды жаңбыр технологиясын пайдаланған алғашқы ел атанбақ

Қазақстан өңірде жасанды жаңбыр технологиясын пайдаланған алғашқы ел атанбақ
ашық дерек

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ Дүниежүзілік метеорология ұйымының президенті, БАӘ Ұлттық метеорология орталығының бас директоры Абдулла Әл-Мандусмен кездесті, деп хабарлайды baq-orda.kz.

Кездесу барысында Президент БҰҰ-ның арнаулы мекемесі саналатын Дүниежүзілік метеорология ұйымы климат, ауа райы, су ресурстары және табиғи апаттардың қаупін азайту бағытындағы халықаралық ынтымақтастықта маңызды рөл атқаратынын атап өтті.

Тараптар Қазақстан үшін стратегиялық маңызға ие климат мәселелерін талқылады. Әсіресе, ерте ескерту жүйелерін дамыту, метеорологиялық инфрақұрылымды жаңғырту және ғылыми деректер алмасу мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Президент Қазақстанның БАӘ Ұлттық метеорология орталығымен ынтымақтастықты кеңейтуге дайын екенін жеткізді.

Кездесуде су қауіпсіздігі мен су ресурстарын тиімді басқару мәселелері де қозғалды. Мемлекет басшысы Қазақстанның БҰҰ аясында Халықаралық су ұйымын құру бастамасының маңыздылығына тоқталды.

Сонымен қатар, Түркістан облысы БАӘ Ұлттық метеорология орталығымен бірлесіп жауын-шашынды жасанды жолмен шақыру жобасын іске асыратыны белгілі болды. Жоба су қоймаларын толықтыру және ауыл шаруашылығы алқаптарын сумен қамтамасыз ету мақсатында қолға алынған.

Аталған бастама 17 мамыр күні іске қосылады. Осылайша, Қазақстан Орталық Азияда жасанды жаңбыр технологиясын пайдаланған алғашқы ел болмақ.

Admin

Baq-orda.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламаларды өткізіп алмаңыз және сүйікті айдарларды кез келген жерде бақылаңыз.

Қосымша скриншоты Қосымша скриншоты