Контентке өту

Қазақстандық блогерге халықаралық іздеу жарияланды

Қазақстандық блогерге халықаралық іздеу жарияланды

Қазақстандық блогер Ильяр Ювашевке (әлеуметтік желіде andersonchik1 атымен танымал) қатысты мемлекетаралық іздеу жарияланды. Ол заңсыз интернет-казино қызметін ұйымдастыруға қатысы бар деген күдікке ілінген, деп хабарлайды baq-orda.kz.

Қаржы мониторингі органдарының мәліметінше, күдікті 2024–2025 жылдар аралығында онлайн-казино желісін құру мен дамытуға қатысқан. Атап айтқанда, mellstroy.game секілді платформалар арқылы заңсыз ойын бизнесін жүргізуге ықпал еткені айтылып отыр.

Тергеу деректеріне сәйкес, қаржы операцияларын жасыру және қаражатты заңдастыру мақсатында бірқатар жалған компаниялар тіркелген. Барлығы 22 заңды тұлға арқылы қаржы айналымы жүргізіліп, POS-терминалдар мен электронды төлем жүйелері пайдаланылған.

Осы схема арқылы ойыншылардан 3,6 миллиард теңгеден астам қаражат түскені анықталған.

Қазіргі уақытта күдіктінің нақты қай жерде жүргені белгісіз. Осыған байланысты құқық қорғау органдары азаматтардан қандай да бір ақпарат болса, хабарласуды сұрайды.

Астана қаласы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті төмендегі байланыс нөмірлерін ұсынды:

Кезекші бөлім: +7 7172 70 84 79 (ішкі 21384)

Call-орталық: 1458

Құзырлы органдар ақпарат берген азаматтарға сыйақы қарастырылатынын және құпиялылық толық сақталатынын мәлімдеді.

Admin

Baq-orda.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламаларды өткізіп алмаңыз және сүйікті айдарларды кез келген жерде бақылаңыз.

Қосымша скриншоты Қосымша скриншоты