Олимпиаданың басты мақсаты – оқушылардың зияткерлік әлеуетін дамыту, ғылымға деген қызығушылығын ояту, олардың дарыны мен қабілетіне қолдау көрсету және ерте кәсіби бағдар беруді қамтамасыз ету. Сонымен қатар, бұл кезең – республикалық деңгейдегі пәндік олимпиадаларға үміткерлерді анықтайтын маңызды баспалдақ.
29 сәуір күні олимпиада жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндер бойынша өтуде. Ал қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы пәндер бойынша білім жарысы 30 сәуірде жалғасады.
Білім додасының жүлдегерлері 18–21 мамыр аралығында Астана қаласында өтетін республикалық олимпиадада өңір намысын қорғайтын болады.