Әлеуметтік желілерде көпшіліктің жүрегін елжіреткен әсерлі видео қызу талқыланып жатыр. Онда блогер әкесіне ерекше әрі мәні терең сыйлық тарту еткен, деп хабарлайды baq-orda.kz.
Кадрларда ер адам алдымен өзіне ұқсатып жасалған жұмсақ ойыншықты қолына алып, күлімсіреп қарайды. Тіпті басындағы кепкасына дейін дәл келетінін айтып, әзілдейді. Алайда келесі сәтте екінші ойыншықты көргенде оның көңіл-күйі күрт өзгереді.
Бұл ойыншық – оның өмірден өткен жарының бейнесі еді. Ер адам бір сәтке үнсіз қалып, «Саулешка моя…» деп сыбырлап, ойыншықты бауырына қысады. Сол сәт көрермендерге ерекше әсер қалдырды.
Кейін ол марқұм жұбайының бейнесіндегі ойыншықты жатын бөлмесіндегі сөреге ұқыптап қойып, оған деген сағынышын білдіргендей болды.
Желі қолданушылары бұл видеоны «жүректі ауыртатын», «көзге жас келтіретін» әсерлі сәттердің бірі деп бағалап жатыр. Көпшілік мұндай шынайы эмоцияға толы видеоны бейжай қарап көру мүмкін емес екенін жазуда.