Контентке өту

Түркістан облысында автобан ыстыққа жарамай жатыр

Түркістан облысында автобан ыстыққа жарамай жатыр
caption
Түркістан облысында автобан ыстыққа жарамай жатыр "Самара-Шымкент" жолында (Темірлан ауданы арқылы өтетін бөлігінде) күннің ыстығынан цемент-бетон жабыны көтеріліп кетті, деп хабарлайды Baq-orda,inbusiness.kz. сайтына сілтеме жасап. "Қазавтожол" ҰК" АҚ Түркістан облыстық филиалы бұған қатысты ресми мәлімет таратты: "Қазіргі уақытта "ШымкентДорстрой ӨК"ЖШС мердігерлік ұйымымен ақауларды жою жұмыстары жүргізілуде. Экскаватор, каток, КАМАЗ, жіккесу құрылғысы және 10 жұмысшы жұмылдырылған. Күннің соңына дейін жол жүру толық қамтамасыз етіледі". Айта кетсек, бұндай жағдай "Батыс-Қытай - Батыс-Еуропа" күрежолында алғаш рет болған жоқ. Өткен айда да жолдағы бетон көтеріліп кетіп, бірқатар лауазымды тұлғалар жауапқа тартылды.

'БАҚ Орда' ақпараттық порталы

Baq-orda.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламаларды өткізіп алмаңыз және сүйікті айдарларды кез келген жерде бақылаңыз.

Қосымша скриншоты Қосымша скриншоты