Жиында жаңа Конституция жобасында адам капиталын дамытуға, білім, ғылым, мәдениет пен инновация салаларын қолдауға ерекше назар аударылғаны айтылды. Бұл ел дамуының басты факторы табиғи ресурстар ғана емес, азаматтардың білімі мен әлеуеті екенін айқындайтын маңызды бағыт ретінде атап өтілді.
Сонымен қатар құжатта дін мен мемлекеттің рөлін нақты ажырату, білім беру мен тәрбие жүйесінің зайырлы сипатын сақтау мәселелері де қамтылғаны түсіндірілді. Кездесу барысында қатысушылар пікір алмасып, конституциялық реформалардың қоғам үшін маңызы жөнінде ой бөлісті.