Контентке өту

Тараздағы «Тектұрмас» кешенінде ауқымды тазалық жұмыстары жүргізілді

Тараздағы «Тектұрмас» кешенінде ауқымды тазалық жұмыстары жүргізілді

Тараз қаласындағы «Тектұрмас» этно-тарихи кешенінің аумағында экологиялық тазалық акциясы ұйымдастырылып, тарихи нысанның айналасы ретке келтірілді, деп хабарлайды baq-orda.kz.

Жалпыұлттық «Таза Қазақстан» бастамасы аясында өткен шараға 200-ге жуық ерікті жастар мен Жастар ресурстық орталығының өкілдері қатысты. Қатысушылар 17 гектар аумақты тұрмыстық қалдықтардан тазартып, бес тоннаға жуық қоқыс шығарды.

«Тектұрмас» этно-тарихи кешені – Жамбыл облысының ең көп келуші туристік орындарының бірі. Сондықтан тарихи-мәдени нысанның тазалығы мен абаттандырылуына ерекше назар аударылып келеді.

Мұндай экологиялық шаралар өңірдегі қоғамдық жауапкершілік мәдениетін қалыптастыруға, жастардың туған жерге деген жанашырлығын арттыруға және қоршаған ортаны қорғау ісіне белсенді атсалысуына мүмкіндік береді.

Жастар ресурстық орталығының мәліметінше, жыл басынан бері өңірде 500-ге жуық экологиялық акция ұйымдастырылып, саябақтар, скверлер мен қоғамдық орындар жүйелі түрде тазартылған.

«Таза Қазақстан» акциясы аясындағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасып, өңірдің туристік әлеуетін арттыруға және тұрғындар арасында экологиялық мәдениетті нығайтуға бағытталады.

'БАҚ Орда' ақпараттық порталы

Baq-orda.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламаларды өткізіп алмаңыз және сүйікті айдарларды кез келген жерде бақылаңыз.

Қосымша скриншоты Қосымша скриншоты