Контентке өту

Тұрғындарға заң талаптарын сақтау және арандатушылыққа ермеу ескертілді

Тұрғындарға заң талаптарын сақтау және арандатушылыққа ермеу ескертілді
ашық дерек

Облыс тұрғындары мен қонақтарына этносаралық келісім мен қоғамдық тұрақтылықты сақтау мәселесіне қатысты маңызды үндеу жарияланды, деп хабарлайды baq-orda.kz.

Мамандардың айтуынша, өңірде түрлі этнос өкілдері бір шаңырақ астында тату-тәтті өмір сүріп, еңбек етуде. Сондықтан қоғамдық келісім мен бірлікті сақтау әрбір азаматтың ортақ міндеті болып саналады.

Осыған байланысты тұрғындарға Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген жауапкершілік туралы ескерту жасалды.

Атап айтқанда, Қылмыстық кодекстің 174-бабына сәйкес әлеуметтік, ұлттық, рулық, нәсілдік, тектік-топтық немесе діни алауыздықты қоздыру, ұлттық ар-намыс пен қадір-қасиетті қорлау, сондай-ақ азаматтардың артықшылығы немесе кемшілігі туралы насихат жүргізу қылмыстық жауапкершілікке әкеледі.

Ал Қылмыстық кодекстің 180-бабында еліміздің аумақтық тұтастығын бұзуға, қолсұғылмаушылығы мен бөлінбестігін өзгертуге бағытталған сепаратистік әрекеттер үшін қатаң жаза қарастырылған.

Мамандар әлеуметтік желілердегі жарияланымдар, пікірлер мен репосттар үшін де заң алдында жауапкершілік бар екенін еске салды.

Сондай-ақ тұрғындарды арандатушылық сипаттағы ақпараттарға сенбеуге, тек ресми дереккөздерге сүйенуге және қоғамдағы татулық пен тұрақтылықты нығайтуға үлес қосуға шақырды.

«Біздің күшіміз – бірлікте. Сондықтан қоғамдық келісім мен өзара құрметті сақтау әр азаматтың жауапкершілігі», – делінген үндеуде.

Admin

Baq-orda.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламаларды өткізіп алмаңыз және сүйікті айдарларды кез келген жерде бақылаңыз.

Қосымша скриншоты Қосымша скриншоты