Контентке өту

«Үш адамды өлтіргеннен кейін бәрібір болып кетеді екен»: Сәрсемәлиев сотта шошытқан мәлімдеме жасады

«Үш адамды өлтіргеннен кейін бәрібір болып кетеді екен»: Сәрсемәлиев сотта шошытқан мәлімдеме жасады
ашық дерек

Атырауда бір отбасының төрт мүшесінің өліміне қатысты өтіп жатқан сот процесінде айыпталушы Сұлтан Сәрсемәлиев жауап берді, деп хабарлайды baq-orda.kz.

NewTimes.kz мәліметінше, сот отырысында Сәрсемәлиев марқұм Наурыз Мұқанғалиевтің оқиға орнында бірден қайтыс болмағанын айтты.

«Наурыз бірден қайтыс болған жоқ. Өмірімде бірінші рет осындай жағдай болды. Бұрын мал да сойып көрмегенмін», – деді айыпталушы.

Оның сөзінше, оқиғадан кейін біраз уақыт аулада отырып қалған. Кейін үйге қайта кірген кезде Наурыздың еденде жатқанын көрген.

Сәрсемәлиев сол сәтте полиция шақыру туралы ойлағанын, алайда отбасын және бес баласын есіне алып, шешім қабылдай алмағанын жеткізді.

Сот барысында айыпталушы Мейрамгүл Қарабалинаның өліміне қатысты да жауап берді. Оның айтуынша, Мейрамгүл ата-анасы қайтыс болғаннан кейін Ақбаян Мұқанғалиеваға көмектесу үшін үйде болған.

Айыпталушы екеуінің арасында жанжал туындағанын айтып, ашуға бой алдырғанын мәлімдеді.

«Ол кезде ешқандай өкініш болған жоқ. Үш адамды өлтіргеннен кейін бәрібір болып кетеді екен», – деді Сәрсемәлиев сотта.

Іс материалдарына сәйкес, Мейрамгүл Қарабалинаны өлтіру кезінде бұған дейін басқа құрбандарға қарсы қолданылған пышақ пайдаланылған.

Айыпталушының айтуынша, қылмыстан кейін Мейрамгүлдің денесі Наурыз Мұқанғалиевтің мәйіті жасырылған жерге апарылып көмілген.

Еске салайық, бұған дейін сотта Сәрсемәлиевтің жұбайы Ақбаян Мұқанғалиеваның алғашқы жауабының бейнежазбасы көрсетілген болатын. Онда ол болған оқиғаның мән-жайын түсінбейтінін айтқан.

Қазіргі уақытта атышулы іс бойынша сот тергеуі жалғасуда.

Admin

Baq-orda.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламаларды өткізіп алмаңыз және сүйікті айдарларды кез келген жерде бақылаңыз.

Қосымша скриншоты Қосымша скриншоты