Контентке өту

«Ханталапай» сайысына 350 мыңнан астам бала қатысты

«Ханталапай» сайысына 350 мыңнан астам бала қатысты
ашық дерек

Наурыз мейрамы аясында дәстүрлі түрде өткізілетін мектеп жасына дейінгі балаларға арналған «Ханталапай» ұлттық ойындар республикалық байқауы өз мәресіне жетті. Биылғы байқау кең ауқымда ұйымдастырылып, еліміздің барлық өңірінен 350 мыңнан астам бала қатысып, ұлттық ойынға деген қызығушылықтың жоғары екенін көрсетті, деп хабарлайды baq-orda.kz.

Ауқымды іс-шараның басты мақсаты – жас ұрпақтың ұлттық құндылықтарға деген сүйіспеншілігін арттыру, қазақ халқының бай мәдени мұрасы мен салт-дәстүрін дәріптеу. Сонымен қатар, балаларды ептілікке, жылдамдыққа, ұйымшылдыққа баулу көзделді.

Байқауға ортаңғы, ересек және мектепалды даярлық топтарының тәрбиеленушілері белсене қатысып, өзара бақ сынасты. Ұлттық ойын барысында балалардың қызығушылығы мен белсенділігі ерекше байқалды. Олар асық ату, «Ханталапай» сынды дәстүрлі ойындар арқылы ептілік пен шапшаңдықтарын көрсетті.

Аталған байқауға педагогтер мен ата-аналар да белсенді түрде атсалысып, балаларға қолдау білдірді. Бұл өз кезегінде отбасы мен балабақша арасындағы байланысты нығайтып, тәрбиелік мәні зор орта қалыптастырды.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай шаралар өскелең ұрпақты ұлттық рухта тәрбиелеуде маңызды рөл атқарады. Болашақта да «Ханталапай» секілді ұлттық ойындарды кеңінен насихаттау жалғасын табады.

Айта кетейік, Наурыз мерекесіне орай ұйымдастырылатын ұлттық бағыттағы байқаулар балалардың жан-жақты дамуына, ұлттық сана-сезімінің қалыптасуына және дәстүрге деген құрметінің артуына ықпал етеді.

Admin

Baq-orda.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламаларды өткізіп алмаңыз және сүйікті айдарларды кез келген жерде бақылаңыз.

Қосымша скриншоты Қосымша скриншоты