Жамбыл облысы әкімінің өкімімен Нұрсұлтан Арқабайұлы Исабеков Жамбыл облысы әкімдігінің энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы болып тағайындалды, деп хабарлайды baq-orda.kz.
Нұрсұлтан Арқабайұлы 1990 жылы Жамбыл облысы Жамбыл ауданында дүниеге келген. 2009 жылы Қазақ бас сәулет-құрылыс академиясы жанындағы Құрылыс және дизайн колледжін, 2013 жылы Л.Б. Гончаров атындағы Қазақ автомобиль-жол академиясын, 2021 жылы академик Ә. Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университетін тәмамдаған.
Еңбек жолын 2011 жылы «ГАПП» ЖШС-де техник-жобалаушы қызметінен бастаған.
Әр жылдары «Табыс-Жоба» ЖШС-де бас инженер, Тараз қаласы әкімдігінің сәулет және қала құрылысы бөлімінде техник, жоспарлау және құрылыс секторының бас маманы қызметтерін атқарған.
2023–2024 жылдары Тараз қаласы әкімдігінің құрылыс бөлімінің басшысы лауазымында жұмыс істеді.
2024 жылдың қазан айынан бастап Тараз қаласы әкімінің орынбасары қызметін атқарған.
Бұл туралы облыс әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.