Контентке өту

Жазира Байырбекова тегін өзгертіп, жаңа есімін жариялады

Жазира Байырбекова тегін өзгертіп, жаңа есімін жариялады
ашық дерек

Танымал әнші Жазира Байырбекова өміріндегі маңызды өзгерісті әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті, деп хабарлайды baq-orda.kz.

Өнер иесі бұдан былай атасының құрметіне «Жазира Ыса» есімін қолданатынын мәлімдеді. Әншінің айтуынша, бұл шешім оның отбасы тарихы мен ата-бабаға деген құрметінен туған.

«Атамның есімі – Ыса. Сол кісінің құрметіне тегімді өзгерту туралы шешім қабылдадым», – деді әнші.

Жазираның бұл жаңалығы желі қолданушылары арасында қызу талқыланып жатыр. Көпшілік өнер иесінің шешімін қолдап, оған ізгі тілектерін жолдауда. Оқырмандар қазақы дәстүр мен ата-баба есімін ұлықтауға бағытталған қадамды жоғары бағалаған.

Айта кетейік, Жазира Байырбекова – қазақ эстрадасындағы танымал әншілердің бірі. Ол өнердегі және отбасылық құндылықтарды насихаттаудағы ұстанымымен көпшілікке жақсы таныс.

Admin

Baq-orda.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламаларды өткізіп алмаңыз және сүйікті айдарларды кез келген жерде бақылаңыз.

Қосымша скриншоты Қосымша скриншоты