Контентке өту

Жел электр станциясы жобасындағы жұмыс орындарының 70%-ы Мойынқұм тұрғындарына беріледі

Жел электр станциясы жобасындағы жұмыс орындарының 70%-ы Мойынқұм тұрғындарына беріледі
ашық дерек

Мойынқұм ауданындағы Мирный ауылында жүзеге асырылып жатқан құны 765 миллиард теңгені құрайтын «Total Energies» жел электр станциясы жобасы аясында жергілікті тұрғындарды жұмыспен қамтуға басымдық берілмек, деп хабарлайды baq-orda.kz.

Жоба бойынша құрылыс кезеңінде шамамен 2000 жаңа жұмыс орны ашылады. Оның 70 пайызы немесе 1400-ге жуық жұмыс орны Мойынқұм ауданының тұрғындарына ұсынылады деп жоспарланған.

Сондай-ақ жел электр станциясы пайдалануға берілгеннен кейін тұрақты жұмысқа қабылданатын мамандар қатарында да жергілікті кадрларға басымдық қарастырылады.

Аудан әкімдігі мен инвестор компания арасында жергілікті тұрғындарды жұмыспен қамту мәселесі тұрақты бақылауда. Бұл бағытта жастарды оқыту, қайта даярлау және сұранысқа ие мамандықтар бойынша біліктілігін арттыру жұмыстары жүргізіледі.

Аталған жоба өңір экономикасына инвестиция тартумен қатар, жаңа жұмыс орындарын ашуға, халықтың табысын арттыруға және аудан жастары үшін жаңа мүмкіндіктер қалыптастыруға ықпал етпек.

Жел электр станциясының құрылысы жаңартылатын энергия көздерін дамытуға бағытталған еліміздегі ірі жобалардың бірі саналады.

Admin

Baq-orda.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламаларды өткізіп алмаңыз және сүйікті айдарларды кез келген жерде бақылаңыз.

Қосымша скриншоты Қосымша скриншоты