TikTok әлеуметтік желісінде Mayabasova13 деген атпен тіркелген қолданушы әнші Мейрамбек Беспаевқа қатысты жазбалар жариялап, көпшіліктің назарын аударды, деп хабарлайды baq-orda.kz.
Желіде тараған жазбаларда «Өз баласымен қалай хабарласпауға болады?» деген сипаттағы жазу мен әншіге қатысты делінген суреттер жарияланған. Кадрлардың бірінде кішкентай баланың бейнесі де көрсетілген.
Аталған жарияланым әлеуметтік желі қолданушылары арасында түрлі пікір туғызды. Бірі баланың әншіге ұқсайтынын жазса, енді бірі бұл ақпараттың рас-өтірігіне күмән келтірген.
«Мейрамбектің баласы болудың өзі абырой ғой», «Баласы өзіне қатты ұқсайды екен», «Некесіз туған ұлы ма?», «Ұқсамайды Мейрамбекке», «Балаға обал» деген секілді пікірлер желіде жиі кездесуде.
Қазіргі уақытта бұл жазбаларға қатысты Мейрамбек Беспаев тарапынан ресми мәлімдеме жасалған жоқ. Сондай-ақ жарияланған ақпараттың шынайылығы ресми түрде расталмаған.
Айта кетейік, әлеуметтік желілерде тараған кез келген ақпаратты ресми дереккөздер арқылы тексеріп, сақтықпен қабылдаған жөн.