БАҚ Орда ақпараттық порталы. Қазақстан жаңалықтары

Байланыс

  • info@yoursite.com
  • 844-698-6394
  • Тараз қаласы, Ы.Сүлейменов көшесі №5, Шерхан Мұртаза атындағы баспасөз үйі

Оқу жылы 1 қыркүйекте басталып, 31 мамырда аяқталады – вице-министр

Оқу жылы 1 қыркүйекте басталып, 31 мамырда аяқталады – вице-министр
caption
Оқу жылы 1 қыркүйекте басталып, 31 мамырда аяқталады – вице-министр

Бұл туралы Оқу-ағарту министрінің бірінші орынбасары Шолпан Каринова Facebook желісіндегі парақшасында жазды.

Оқу-ағарту министрінің жаңа 2022-2023 оқу жылын бастау жөніндегі бұйрығы қабылданды. Жаңа оқу жылы 36 оқу аптасынан тұрады. Оқу жылы 1 қыркүйекте басталып, 31 мамырда аяқталады. Жаз бойы балалар демалады, - деп жазды Ш.Каринова.
Вице-министрдің айтуынша, оқу жылындағы демалыс күндері келесідей болады: - 1–11 сыныптарда: күзгі – 7 күн (2022 жылғы 31 қазаннан 6 қарашаға дейін), қысқы – 9 күн (2022 жылғы 31 желтоқсаннан 2023 жылғы 8 қаңтарға дейін), көктемгі – 9 күн (2023 жылғы 18 наурыздан 26 наурызға дейін); - 1 сыныптарда қосымша демалыс – 7 күн (2023 жылғы 6 ақпаннан 12 ақпанға дейін).  
BAQ-Orda
Автор

BAQ-Orda

'БАҚ Орда' ақпараттық порталы

Ұқсас жаңалықтар