БАҚ Орда ақпараттық порталы. Қазақстан жаңалықтары

Байланыс

  • info@yoursite.com
  • 844-698-6394
  • Тараз қаласы, Ы.Сүлейменов көшесі №5, Шерхан Мұртаза атындағы баспасөз үйі

Бүгін Орталық сайлау комиссиясында жаңадан 31 сенатор тіркелді

Бүгін Орталық сайлау комиссиясында жаңадан 31 сенатор тіркелді
caption
Бүгін Орталық сайлау комиссиясында жаңадан 31 сенатор тіркелді
Орталық сайлау комиссиясы өңірлерде сайланған, сондай-ақ мемлекет басшысы тағайындаған сенаторларды тіркеді. Айта кетсек, олар биыл 14 қаңтарда сайланған еді. «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңның 82-бабына сәйкес Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты болып келесі сайланған депутаттар тіркелді:
  • Абай облысынан – Қайрат Құлбайұлы Тастекеев;
  • Ақмола облысынан – Талғат Тұрлыбекұлы Жүнісов;
  • Ақтөбе облысынан – Амангелді Шайхоллаұлы Нугманов;
  • Алматы облысынан – Жанболат Әкебайұлы Жөргенбаев;
  • Атырау облысынан – Әлібек Ибатоллаұлы Нәутиев;
  • Шығыс Қазақстан облысынан – Шәкәрім Сабырұлы Бұқтұғұтов;
  • Жамбыл облысынан – Сәкен Қаланұлы Арубаев;
  • Жетісу облысынан – Амангелді Ғабдылкәрімұлы Толамисов;
  • Батыс Қазақстан облысынан – Арман Кәрімұлы Өтеғұлов;
  • Қарағанды облысынан – Серік Балғатайұлы Өтешов;
  • Қостанай облысынан – Ғауез Торсанұлы Нұрмұхамбетов;
  • Қызылорда облысынан – Руслан Рүстемов;
  • Маңғыстау облысынан – Бекбол Тілеумұратұлы Орынбасаров;
  • Павлодар облысынан – Ернұр Нұрмұханұлы Әйткенов;
  • Солтүстік Қазақстан облысынан – Гүлмира Раинбекқызы Кәрімова;
  • Түркістан облысынан – Мұрат Болатұлы Қадырбек;
  • Ұлытау облысынан – Советбек Тұрсынұлы Медебаев;
  • Астана қаласынан – Бибігүл Нұрғалиқызы Жексенбай, Андрей Иванович Лукин (шығып қалғанның орнына);
  • Алматы қаласынан – Жанна Бейсентайқызы Асанова;
  • Шымкент қаласынан – Нұрлан Құдиярұлы Бекназаров.
Сонымен қатар, 2022 жылғы маусымда өткен референдум нәтижесі бойынша Қазақстан Республикасының Конституциясына енгізілген өзгерістерге сәйкес, қазір Сенаттың 10 депутатын, оның ішінде бесеуін Қазақстан халқы Ассамблеясының ұсынысы бойынша президент тағайындады. Бұл конституциялық норма тәжірибеде алғаш рет іске асырылды. Орталық сайлау комиссиясы мемлекет басшысы тағайындаған келесі депутаттарды тіркеді:
  • Жақып Қажманұлы Асанов,
  • Мәулен Сағатханұлы Әшімбаев,
  • Нұртөре Байтілесұлы Жүсіп,
  • Ләззат Молдабекқызы Қалтаева,
  • Асқар Оразалыұлы Шәкіров,
  • Евгений Андреевич Больгерт,
  • Закиржан Пирмухамедович Кузиев,
  • Нурия Исмагиловна Ниязова,
  • Алишер Гапиржанович Сатвалдиев,
  • Геннадий Геннадиевич Шиповских.
Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров «Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы» Конституциялық заңның 24-бабына сәйкес Парламент депутатының өкілеттігі Орталық сайлау комиссиясы оны тіркеген кезден басталатынын атап өтті. Тиісті қаулыларға қол қойылғаннан кейін ОСК төрағасы тіркелген депутаттарға куәліктер мен төсбелгілерді табыс етті.
BAQ-Orda
Автор

BAQ-Orda

'БАҚ Орда' ақпараттық порталы

Ұқсас жаңалықтар