Жаңалықтар
«Жылу орталықтың 677 млн теңгесін жымқырған». Күдіктеге қарсы тергеу амалдары басталды
- author BAQ-Orda
- 19 маусым, 2023
- 73
«Жылу орталықтың 677 млн теңгесін жымқырған». Күдіктеге қарсы тергеу амалдары басталды
Р Қаржылық мониторинг агенттігінің (ҚМА) Қарағанды облысындағы бөлімшесі «Балқаш жылу» ЖШС-ның лауазымды тұлғасы 677 млн теңге бюджет қаржысын жымқырды деген күдік келтіріп, оған қарсы тергеу амалдарын бастады, – деп хабарлайды Dalanews.kz. Бүгінде сотқа дейінгі тергеу амалдары тіркелгенін агенттік растады.
ҚМА таратқан мәліметтерінше, «Балқаш жылу» мекемесінің басшылығы 2020 жылдың 20 маусымы мен 2023 жылдың қаңтар айы аралығында бюджет қаржысын қымқырып, мемлекетке 677 млн теңге шығын келтірген. Күдікті тұлғалар қаржыны жалған мекемелердің есеп-шоттарына аударып, қалтаға басқан деседі.
Қазіргі таңда күдікке ілінген тұлға қарсы бас бостандығын шектеу шаралары қолданылып, тергеу изоляторына қамалған.
Тергеу амалдарын кедергі келтірмеу үшін істің барысына қатысты нақты ақпарат таратылмауда.
Балқаш қаласының Жылыу электр орталығы мен жылу құбырларына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін бөлінген мемлекеттің қаржысы осылайша жемқорлардың жемсауына түсіп кеткен.
Келесі мақала