БАҚ Орда ақпараттық порталы. Қазақстан жаңалықтары

Байланыс

  • info@yoursite.com
  • 844-698-6394
  • Тараз қаласы, Ы.Сүлейменов көшесі №5, Шерхан Мұртаза атындағы баспасөз үйі

Мектепке шабуыл жасалды?

Мектепке шабуыл жасалды?
caption
Мектепке шабуыл жасалды?
Павлодар облысының полиция департаменті әлеуметтік желіде тараған ақпарат бойынша тексеріс жүргізіп жатыр. Әлеуметтік желіде Павлодар мектептерінде қылмыс жасауға дайындық жүріп жатқаны туралы ақпарат тараған. Облыстық полиция осы факті бойынша тексеріс бастады. «Құзыретті органдармен бірлесіп, осы ақпаратты таратқан адамдарды анықтау бойынша жедел іс-шаралар жүргізіліп жатыр. Кінәлі адамдар елдің заңнамасына сәйкес анықталып, жауапқа тартылады. Бүгінгі таңда полиция бейнебақылау және білім беру ұйымдарына жақын полиция жасақтарын ұлғайту арқылы оқу орындарында қауіпсіздікті қамтамасыз етуге ерекше назар аударады», – делінген хабарламада. Департамент жыл басынан бері осындай жалған хабарламалар елдің бірнеше қаласында тарағанын еске салды. Бұл хабарламалар халық арасында дүрбелең туғызуды көздейді. Тәртіп сақшылары азаматтардан арандатушылыққа ермей, ресми ақпаратқа ғана сенуді сұрады. Бұған дейін желіде Ақтөбе мен Атырау қалаларының мектептерінде шабуыл жасалатыны туралы ақпарат тараған болатын. Кейін полиция қызметкерлері Ақтөбе мектептерінде теракт жасаймын деп қорқытқан адамды анықтады. Ол көрші елдердің бірінің 18 жастағы тумасы болып шықты.
BAQ-Orda
Автор

BAQ-Orda

'БАҚ Орда' ақпараттық порталы

Ұқсас жаңалықтар