Жаңалықтар
Тоқаев боранда халыққа көмекке асыққан жандарға алғыс айтып, наградаға ұсынды
- author BAQ-Orda
- 12 ақпан, 2024
- 121
Тоқаев боранда халыққа көмекке асыққан жандарға алғыс айтып, наградаға ұсынды
Қазақстан Президенті боранда халыққа көмекке келген бірқатар қызметтердің өкілдеріне алғыс айтты.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев олардың бәріне шын жүректен алғыс айтып, жылы лебізін білдірді. Еңбегі ерен бір топ азамат мемлекеттік наградаға ұсынылды.«Жуырда еліміздің бірқатар өңірінде табиғат тосын мінез танытып, жағдай қиындаған кезде жергілікті атқарушы биліктің, Төтенше жағдайлар министрлігінің және құқық қорғау органдарының қызметкерлері, медицина мамандары, коммуналдық қызмет пен автомобиль жолдарының жұмысын қамтамасыз ету саласының өкілдері, сондай-ақ басқа да азаматтар халықтың қамы үшін жанқиярлықпен еңбек етті» деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметінен.