"Жиеніме арнайы жасаттым": Төреғали Төрәлі қарындасына ерекше сыйлық тарту етті
"Жиеніме арнайы жасаттым": Төреғали Төрәлі қарындасына ерекше сыйлық тарту етті
Танымал әнші, Төреғали Төреәлі қарындасы Дина Төреәлінің ұлына домбыра сыйлады. Қараша айында босанған блогер ару баласына бесік той жасады. Әнші ағасы сапарда жүрсе де, құттықтап кіріп шығып, сыйлығын табыстаған.
Өнер иесі жиенінің бесік тойына құр қол келмей, ерекше сыйлық ала келіпті.
Еске салайық, той иесі ұлының нағашылары әкелген дүниенің жартысы Америкадан келіп үлгермей қалғанын айтқан еді.