Тараз қаласында өткен тойлардың бірінде танымал әнші Қайрат Нұртас күтпеген сәттің басты кейіпкеріне айналды, деп хабарлайды baq-orda.kz.
Өнер иесі ойынға қатысып, нәтижесінде велосипед ұтып алған. Сыйлықты алған сәттегі оның шынайы, баладай қуанышы той қонақтарының да көңілін көтерді.
Желіде тараған видеода әншінің қарапайымдылығы мен эмоциясы ерекше байқалады. Көпшілік бұл сәтті жылы қабылдап, пікір қалдырған.
Қолданушылар «баладай қуанып қалды», «осындай қарапайымдылығы үшін жақсы көреміз» деген сынды жылы лебіздерін білдіруде.
Бұл видео қысқа уақытта әлеуметтік желіде кең тарап, тағы да Қайрат Нұртастың халыққа жақын образын көрсетті.