Танымал әнші Абай Бегейдің қызы Сымбат Бегей өміріндегі өзгерістерден кейін алғаш рет оқырмандарына үн қатты, деп хабарлайды baq-orda.kz.
Жақында орамалын шешкен блогер әлеуметтік желідегі парақшасында ән айтып отырған видеосын жариялап, өз ойын ашық жеткізді.
Ол әр адамның өз жолы мен тағдыры бар екенін атап өтті.
«Әр адамның өз жолы, өз сынағы бар. Мен де өз жолыммен жүріп келе жатқан пендемін. Түсіністік танытып, құрметтеп, қолдап жатқан барша жанға көп рақмет», – деп жазды Сымбат.
Желі қолданушыларының бір бөлігі оны қолдап жатса, енді бірі түрлі пікір білдіруде. Қалай болғанда да, бұл тақырып қоғамда қызу талқыланып жатыр.