БАҚ Орда ақпараттық порталы. Қазақстан жаңалықтары

Байланыс

  • info@yoursite.com
  • 844-698-6394
  • Тараз қаласы, Ы.Сүлейменов көшесі №5, Шерхан Мұртаза атындағы баспасөз үйі

Облыстық білім басқармасына жаңа басшы тағайындалды

Облыстық білім басқармасына жаңа басшы тағайындалды
caption
Облыстық білім басқармасына жаңа басшы тағайындалды
Жамбыл облысы әкімінің өкімімен Садырқұлов Рауан Нұрғалиұлы Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы басшысы болып тағайындалды деп хабарлайды baq-оrda облыс әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Садырқұлов Рауан Нұрғалиұлы 1980 жылы Жамбыл облысы, Тараз қаласында туған.
«Еңбек жолын 2001 жылы Жамбыл облысы, Т. Рысқұлов ауданы, Луговой ауылы М. Горький атындағы орта мектебінің мұғалімі болып бастаған. Әр жылдары М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің оқу-әдістемелік бөлімінің тәжірибе меңгерушісі, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы Бақылау комитетінің білім саласындағы бақылау басқармасының бас сарапшысы, 2016-2020 жылдары ҚХР Бейжің қаласы Бейжің педагогикалық университеті профессорының ассистенті, «Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы» РМҚК-ның қолданбалы зерттеулер және халықаралық әріптестік орталығының бас сарапшысы, 2020-2021 жылдары Ш.Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университетінің Білім беру мектебінің деканы» - деп жазды әкімдіктің ресми сайты.
Айта кетейік, ол 2021 жылғы қазан айынан бастап бүгінгі күнге дейін «Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының Жамбыл облысы бойынша филиалының директоры қызметін атқарған.
BAQ-Orda
Автор

BAQ-Orda

'БАҚ Орда' ақпараттық порталы

Ұқсас жаңалықтар