Жаңалықтар
"Байбектің кезінде мұндай болмап еді". Дина Төлепберген жер сілкінісіне қатысты пікір білдірді
- author BAQ-Orda
- 5 наурыз, 2024
- 316
"Байбектің кезінде мұндай болмап еді". Дина Төлепберген жер сілкінісіне қатысты пікір білдірді
Танымал тележүргізуші Дина Төлепберген Желідегі парақшасында жер сілкінісі кезінде неге көбірек көңіл бөлу керегін түсіндірді, - деп хабарлайды Бақ-орда Massaget.kz сайтына сілтеме жасап. Оның сөзінше, бұл зілзаладан кейін қатты қорқып, балаларын уайымдаған.
"Тағы сілкініс, тағы сан сұрақ, "Байбектің кезінде мұндай болмап еді" деген әзілдер тағы естіледі. Бірақ бұл жолы өзім де шошып қалдым. Мен секілді әрбір ата-ана ең алдымен мектеп, бала-бақшадағы баласы үшін уайымдаған шығар. Жер сілкінісіне не себеп? Қытайда қазылып жатқан жаңа ұңғыманы һәм Кемин зілзалаласын тілге тиек етіп жатқандар көп. Бірақ өзің тексере алмайтын дүниені талқылаудан не пайда? Меніңше, бар күшімізді қазір өзімізді қорғауға бағыттау дұрыс. Ол дегеніміз не? 1. Ең алдымен дабыл чемоданын жинап қоюымыз керек. 2. Баспанадағы ең қауіпсіз жерді анықтап, балаларға көрсету 3. Үйді сырттай қарап, қабырғасында жырықтар көрсеңіз, шұғыл әкімдікке хабарласыңыз 4. Пәтерді жерсілкінісінен сақтандырып қою 5. Зілзала кезіндегі іс-қимыл алгоритмін түзу, балалармен оны үй жағжайында қайталап көру Бастысы - зілзаланың өзі емес, паникаға түскеннің салдары ауыр болатынын естен шығармайық. Өзіңізге бекем болыңыз, табиғат - ана бізді жылатпас деп сенейік. Бірақ біз ... оны қадірлеп жүрміз бе? Аман бол, Алматым-балаларымның туған жері", - деп жазған ол.