БАҚ Орда ақпараттық порталы. Қазақстан жаңалықтары

Байланыс

  • info@yoursite.com
  • 844-698-6394
  • Тараз қаласы, Ы.Сүлейменов көшесі №5, Шерхан Мұртаза атындағы баспасөз үйі

Пенчак силаттан қазақстан чемпиондары анықталды

Пенчак силаттан қазақстан чемпиондары анықталды
caption
Пенчак силаттан қазақстан чемпиондары анықталды
Жуырда Тараз қаласындағы Олимпиада жеткіншектерін даярлау орталығының спорт кешенінде пенчак силат спортынан Қазақстан Республикасының чемпионаты жалауын желбіретті. Жарыста 12 өңірден іріктелген 180 спортшы бақ сынады. Ел біріншілігінде чемпион атанып, үздіктер қатарынан көріну үшін спортшылар барын салды. Себебі, жеңіске жеткендер ұлттық құрама сапын толықтырып, алда болатын халықаралық додаларда ел намысын қорғауға мүмкіндік алады. Сондай-ақ, Әлем чемпионатында өнер көрсетпек. Айта кетейік, пенчак силаттан Әлем чемпионаты шілде айының 21-29 күндері Малайзия елінің астанасы Куала-Лампур қаласында өтеді деп жоспарлануда. Сонымен қатар, чемпионат барысында Орталық Азия елдері мен Қазақстан құрамасы матчтық кездесу өткізді. Мұндай форматтағы жекпе-жектердің өткізілуі көршілес елдермен қарым-қатынасты күшейтіп, тәжірибе алмасуға оң ықпалын тигізеді. Тараз төріндегі пенчак силаттан Қазақстан Республикасының чемпионатына Индонезия мемлекетінің Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Мохамад Фаджрул Рахман арнайы келіп, жарысты тамашалап, өзінің оң бағасын берді. Жарыс қорытындысы бойынша Ақтөбе облысының құрамасы I орын, Жамбыл облысының құрамасы II орынды еншіледі. Ал жүлделі III және IV орындарды Түркістан облысы мен Атырау облысының құрамасы өзара бөлісті. Осылайша үш күнге созылған додада үздіктер анықталып, ұлттық құрама жасақталады.  width= width= width= width= width= width= width= width=
BAQ-Orda
Автор

BAQ-Orda

'БАҚ Орда' ақпараттық порталы

Ұқсас жаңалықтар