БАҚ Орда ақпараттық порталы. Қазақстан жаңалықтары

Байланыс

  • info@yoursite.com
  • 844-698-6394
  • Тараз қаласы, Ы.Сүлейменов көшесі №5, Шерхан Мұртаза атындағы баспасөз үйі

Таразда су беру уақытша тоқтатылады

Таразда су беру уақытша тоқтатылады
aqmeshit-zhastary.kz
Жөндеу жұмыстарына байланысты су 1 күнге өшіріледі

Таразда су беру тоқтатылады. Бұл туралы қалалық әкімдіктің ресми сайтында жарияланды. 

Құрметті Тараз қаласының тұрғындары! "Жамбыл су" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны хабарлайды: 2024 жылдың сәуір айының 11-і күні түнгі сағат:23-00-ден, 12-сәуір таңғы сағат:06-00-ге дейін, Ұлбике ақын мен Рахимов көшелерінің қиылысындағы су жүйесі құбырындағы Д-300мм, Д-150мм, Д-100мм ысырмаларын (задвижка) жоспарлы ауыстыру жұмыстарының жүргізілуіне байланысты, Рахимов  көшесінің бойында, Ұлбике ақын көшесінен бастап, Достоевский көшесіне дейінгі аралықтағы үйлердің,Ұлбике ақын көшесінің бойында,Рахимов көшесінен Ниетқалиев көшесіне дейінгі аралықтағы үйлердің ауыз суы уақытша тоқтатылады және жақын орналасқан үйлерде ауыз судың қысымы төмендейді.  Уақытша болатын келеңсіздіктерге кешірім сұраймыз және қажетті мөлшерде ауыз суды алып қалуларыңызды өтінеміз,-делінген әкімдіктің сайтындағы хабарламада.

BAQ-Orda
Автор

BAQ-Orda

'БАҚ Орда' ақпараттық порталы

Ұқсас жаңалықтар