Жамбыл облысында сегізінші сынып оқушысы жоғарғы сынып оқушысының қолынан қаза тапқан болатын. 14 жастағы бала кеуде тұсынан алған соққыдан кейін мектеп дәретханасында жан тапсырған. Ал әлімжеттік көрсетіп, жұдырық жұмсаған 9 сыныптың оқушысы қамауға алынды.
Ата-аналарға қысым жасалып жатыр
Қанды оқиға 30 сәуір күні мектеп ауласындағы әжетханада болған. Мектеп ұжымы болған жағдайды барынша жасыруға тырысқан. Алғашында оқушының ата-анасына «жүрек талмасы ұстап қалды» деп хабарлаған.
Жігіт қой, 14 жасқа келген сап-сау азамат. Алар белесі көп еді, баламның. «Мама, мен дәрігер боламын, екеуіміз бәрін жеңеміз» деп.. кешке бәрі естіді. Бүкіл ауыл шулады. Екі орынбасарын ілестіріп алып, ата-аналардың үйін аралаған ғой. «Айтпайсыңдар, шықпау керек, ауыздарыңнан шықпасын» деп. Ата-аналарға да қысым жасалып жатыр. Жұмыс орнының басшылығына айтып, сол ата-аналарға қысым жасап жатыр,” - деп ашынды марқұмның анасы Раушан Құдасова.