БАҚ Орда ақпараттық порталы. Қазақстан жаңалықтары

Байланыс

  • info@yoursite.com
  • 844-698-6394
  • Тараз қаласы, Ы.Сүлейменов көшесі №5, Шерхан Мұртаза атындағы баспасөз үйі

Тараздықтар қоршаған ортаға салғырт қарағаны үшін жазаланды

Тараздықтар қоршаған ортаға салғырт қарағаны үшін жазаланды
jambylinfo.kz
Биыл қалада 42 адам айыппұл арқалады

Өткен жылы жергілікті полиция қызметімен бірлесе отырып, Тараз қаласында күл- қоқыстарды арнайы орындарға тастамаған тұлғалар бойынша іс-шаралар кезінде 1392 тұрғынға ескерту беріліп, 35 адамға айыппұл салынған, деп хабарлайды БақОрда jambylinfo.kz. сайтына сілтеме жасап.

Тараз қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі мәлімдегендей, биылғы ақпан мен наурыз аралығында тазалыққа салғырт қараған 259 тұрғын анықталған. Оның ішінде 204 үй иесіне ескерту берілсе, 42 адам айыппұл арқалапты.

Сәуір айының 15-інен мамырдың 1-іне дейінгі аралықта тазалық сақтамаған 134 үй иесі анықталып, оның ішінде 110 үйге ескерту берілді. 24 үй егесіне айыппұл салынды. Ал 1 мамырдан бастап тазалық сақтамаған 179 аула анықталса, оның 157-сіне ескерту берілді.

Сонымен қатар 22 үй иесіне айыппұл салынды. Айта кетейік, тазалық сақтамаған тұрғындарға ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 505-бабы бойынша 34 500 теңге мөлшерінде айыппұл белгіленген.

BAQ-Orda
Автор

BAQ-Orda

'БАҚ Орда' ақпараттық порталы

Ұқсас жаңалықтар