Жаңалықтар
"Ел не дейді? Жұрт не ойлайды? Енді мұндай сұрақтар мені мазаламайды"- Жұлдыз Әбдікәрімова
- author BAQ-Orda
- 28 мамыр, 2024
- 115
Әнші Қайрат Нұртастың жары, актриса Жұлдыз Әбдікәрімова той көйлегін сататын салонның жарнамасы үшін Астана көшелерінде халат пен орамал тағып жүріп өтті.
Актриса жарнамалық роликке түскені белгілі болды.
Әлеуметтік желідегі парақшасында өзінің кезінде тойда киген суретін көрсеткен актриса қайтадан ақ көйлек кию оңайға түспегенін айтады.
«Ел не дейді? Жұрт не ойлайды? Енді мұндай сұрақтар мені мазаламайды. Шешім осылай болып тұр. Араға жылдар салып, қайта ақ көйлек кию оңай болған жоқ. Сонымен ақ көйлек деген гештальт жабылады. Қыздар, түрлі жағдай болуы мүмкін. Түсінуге болады. Бірақ, болмады, кимедім деп өмір бойы өкініп өтудің қажеті жоқ. Прокатқа көйлек аласыз, өзіңіз қалаған гүлді таңдайсыз да фотостудияға барасыз», - деп жазды ол.
Келесі мақала