БАҚ Орда ақпараттық порталы. Қазақстан жаңалықтары

Байланыс

  • info@yoursite.com
  • 844-698-6394
  • Тараз қаласы, Ы.Сүлейменов көшесі №5, Шерхан Мұртаза атындағы баспасөз үйі

"Ел дамуының басты шарты – энергияға келіп тірелетіні белгілі"- PHD философия докторы

"Ел дамуының басты шарты – энергияға келіп тірелетіні белгілі"- PHD философия докторы
ашық дереккөз
Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаев  2-қыркүйек күнгі  Қазақстан халқына  жолдауында ел дамуының басым бағыттарына тоқталды.  Алдағы онжылдықтарға арналған  жаңаша мақсат-міндеттерді, болашақ жоспарларын ортаға сала отырып,  2030 жылға қарай елде орын алатын энергия тапшылығының алдын алу қажеттігін ойластырылып жатқандығын атап айтты.

Бұл мәселенің шешімі ретінде ұсынылып отырған – елде атом электр станциясын  салу екендігі белгілі. Жолдауда Мемлекет басшысы  АЭС салу туралы шешімінің  жалпыұлттық референдумға салынатындығын жеткізді.  Ш.Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз инновациялық институтының "Тарих және география" кафедрасының меңгерушісі, PHD философия докторы Жамбыл Мырзабеков АЭС салу еліміз үшін өндірістік-индустриялдық дамуға жол ашатын мол мүмкіндік деп санайды. 

Шындығында,   ел дамуының басты шарты – энергияға келіп тірелетіні белгілі.  Сала мамандары АЭС салудың экономикалық қажеттілігін түсіндіруде.  Басында атом деген үріккендей болған халыққа  оның  артықшылықтары, қорқудың қажеттілігінің жоқ екендігі түсіндірілді. 
Бұл жерде мемлекетіміздің басты ұтары – уран өндіруден жетекші орындағы ел екеніміз. Табиғи байлығымыз – уран арқылы электр энергиясын қажетті мөлшерде және арзан өндіріп, сәйкесінше, өндірістік-индустриялық  дамуға мол  мүмкіндіктер  аламыз.   Ең бастысы,   салынатын зауыттың құрылысын қатаң қадағалауда ұстау керек. Зауыттың қауіпсіздігі мен экологиялық  тазалығына кепілдік болуы шарт. Халықты алаңдататыны  да – осы.  Яғни,  атом электр станциясы Қазақстан экономикасының  дамуына үлкен серпін беретінін әркім біледі, алайда, оның зардабының да қаншалықты екендігіне алаңдайтыны шындық. 
Осы орайда да, оның салынатын жері турасында  көптеген қарсылықтар болды. Осыдан келіп, жалпыхалықтың мәселенің шешімі  халықтың өзіне тапсырылып отыр.  Жалпыхалықтық мәселеде  әркімнің өз көзқарасы маңызды деп санаймын.   Ендеше, оның салынуынан үлкен даму мақсаттарын күтейік,-дейді Жамбыл Мырзабеков. 

 

BAQ-Orda
Автор

BAQ-Orda

'БАҚ Орда' ақпараттық порталы

Ұқсас жаңалықтар