БАҚ Орда ақпараттық порталы. Қазақстан жаңалықтары

Байланыс

  • info@yoursite.com
  • 844-698-6394
  • Тараз қаласы, Ы.Сүлейменов көшесі №5, Шерхан Мұртаза атындағы баспасөз үйі

Таразда тәрбиешіні өлтірген күдікті туралы тың дерек шықты

Таразда тәрбиешіні өлтірген күдікті туралы тың дерек шықты
Фото: freepik.com
Жамбыл облысында ер адам балабақша тәрбиешісін өлтірді деген күдікке ілінді.

10 қаңтарда балабақша қызметкері үйінен шығып, ұлының оқу ақысын төлеу үшін Таразға бағытталды, бірақ қайта оралмаған.

Марқұмның күйеуі, әйелі қоңырауларына жауап бермегенде алаңдай бастады. Алдымен ол әйелінің университетке бармағанын анықтады. Осыдан кейін іздестіру жұмыстарына еріктілер қосылды.

Сол күні кешке қаладағы теміржолдың жанынан жоғалған әйелдің зорлық-зомбылық белгілері бар, өртенге мәйіті табылды. Желіде тараған ақпаратқа сүйенсек, әйелдің өліміне басынан алған соққы себеп болуы мүмкін, мәйіттің жанынан қанға боялған тас табылған.

Ақпаратқа қатысты Жамбыл облыстық полиция департаменті түсініктеме берді.

Кісі өлтіру дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері 34 жастағы күдіктіні ұстап, уақытша ұстау изоляторына қамады, – делінген полиция хабарламасында.

Ер адам көшеде әйелді көріп, ақша сұрай бастаған. Әйел ақша беруден бас тартқан соң ер адам оның басынан таспен бірнеше рет ұрып, әйелдің қолынан екі алтын сақинаны ұрлаған. Қылмыстың ізін жасыру үшін оны темір жолға сүйреп апарып, өртеп жіберген.

Осыдан кейін күдікті өзінің 45 жастағы көңілдесіне барып, ломбардқа өткізу үшін сақиналарды берген. Полицейлер барлық заттай айғақты тәркіледі. 

BAQ-Orda
Автор

BAQ-Orda

'БАҚ Орда' ақпараттық порталы

Ұқсас жаңалықтар