БАҚ Орда ақпараттық порталы. Қазақстан жаңалықтары

Байланыс

  • info@yoursite.com
  • 844-698-6394
  • Тараз қаласы, Ы.Сүлейменов көшесі №5, Шерхан Мұртаза атындағы баспасөз үйі

Жамбыл облысында ірі есірткі арнасының жолы кесілді

Жамбыл облысында ірі есірткі арнасының жолы кесілді
policia.kz
Жамбыл облысында полиция қызметкерлері ірі көлемде есірткі заттарын өткізбек болған қылмыстық арнаны әшкереледі, деп хабарлайды БақОрда.

Облыстық полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының жедел уәкілдері Батыс Еуропа – Батыс Қытай халықаралық тас жолында жүргізілген арнайы операция барысында Mitsubishi Pajero автокөлігін тоқтатты. Тексеру барысында көліктегі 51 жастағы жолаушының жанынан 1,5 келі гашиш есірткісі табылды.

Тергеу барысында күдікті Алматы қаласының тұрғыны 170 000 теңгеге осы тыйым салынған затты Шу ауданының 47 жастағы тұрғынынан сатып алғанын мойындады. Күдіктінің жеке басы анықталып, оның Шу ауданы Жаңажол ауылының тұрғыны екені белгілі болды.

Полицейлер оның үйін тінту барысында қызметтік ит Макстың көмегімен жасыл түсті өсімдік қалдықтары бар ыдыс пен елек тапты. Сонымен қатар, үйдің қарама-қарсы жағында орналасқан қараусыз ғимаратты тексеру кезінде жалпы салмағы 26 келіден астам гашиш пен 143 келіден асатын кептірілген марихуана салынған полиэтилен пакеттер тәркіленді.

Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері есірткі тасымалына қатысты қылмыстық тізбекті толық ашу мақсатында тергеу жұмыстарын жалғастыруда.

BAQ-Orda
Автор

BAQ-Orda

'БАҚ Орда' ақпараттық порталы

Ұқсас жаңалықтар