БАҚ Орда ақпараттық порталы. Қазақстан жаңалықтары

Байланыс

  • info@yoursite.com
  • 844-698-6394
  • Тараз қаласы, Ы.Сүлейменов көшесі №5, Шерхан Мұртаза атындағы баспасөз үйі

Талас төріндегі «Қымызмұрындық»

Талас төріндегі «Қымызмұрындық»
caption
Талас төріндегі «Қымызмұрындық»
Бірнеше жылдан бері облыстың әр ауданында «Қымызмұрындық» фестивалі дәстүрлі түрде ұйымдастырылып келеді. Биыл да бұл үрдіс үзілмей, маңызы жоғары шара Талас ауданында өтті. Құндылықтарымыз төрге озып, салт-дәстүріміз кеңінен насихатталған фестивальге облыс әкімі Нұржан Нұржігітов арнайы қатысты. Сондай-ақ Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, ҚР Журналистер одағының мүшесі Сәуле Мешітбаева және барлық ауданнан келген ардагерлер, зиялы қауым өкілдері фестиваль төрінен табылды. «Жұрындысай» балалар сауықтыру лагерінде өткен «Қымызмұрындық-2022» этнофестивалінің құрметті қонақтары алдымен бал татыған қымыздан дәм татып, қолөнер шеберлерінің көрмесімен танысты. Қымыз әзірлеушілер қымызды баптау барысындағы тәжірибелерімен бөлісіп, игі дәстүріміздің көкжиегі кеңейіп келе жатқандығын көрсетті. Ұлттық нақышта безендірілген ақшаңқан киіз үйлерде мол дастарқан жайылып, көпшілікке ұлттық тағамдар – құрт, бауырсақ, ірімшік, шұбат пен қымыз ұсынылды. Фестивальдің ашылу салтанатында Сәуле Мешітбайқызы шараны ұйымдастырушыларға шынайы ризашылығын білдіріп, аналық ақ батасын берді. Бұдан кейін игі шара концерттік бағдарламаға ұласып, өнер қонған өлкенің өнерпаздары әуелете ән салып, күмбірлете күй төкті. Ал мың бұралған бишілер көпшілікке есте қалар ерекше көңіл-күй сыйлады. Дариха Үмбетиярова
BAQ-Orda
Автор

BAQ-Orda

'БАҚ Орда' ақпараттық порталы

Ұқсас жаңалықтар