Жаңалықтар

Бір күн арнайы қызметте

Жамбыл облысы әкімдігі мен Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің Жамбыл облысы бойынша департаменті қолдауларымен ҚР Жауынгерлік өнер ассоциациясы Жамбыл облысы бөлімі мен облыстық білім басқармалары ұйымдастыруымен, “Бір күн арнайы қызметте” атты 11-ші сынып оқушы балалары арасындағы көпсайыстан облыстық чемпионаты өз мәресіне жетіп.

Бір айға жуық облыс көлемі бойынша іріктеліп келген 150-ге жуық жасөрендер арасында өткен көпсайыс жеңімпаздары. 

“Бір күн арнайы қызметте” әскер бөлімшелеріне арнайы бір күндік кездесулерде болды.

Киелі Тараз шахарында бастау алған спорттық-патриоттық бағыттағы ауқымды тың жобасына Салемов Серік Жақсылықұлы - Жамбыл облысы әкімінің орынбасары, Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің бастығы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің полковнигі Жамаубаев Ербол Кенжебекұлы, Жамбыл облысының жауынгерлік өнер ассоциациясының президенті Нукенов Құрмет Үмітханұлы бастаған ел ағалары болашақ сарбаздарға сәттілік тіледі.

Өр-рұхты қарулы мықты білімді жан-жақты жалынды жастарымыз көп өссін, елімізде!
Ел аман жұрт тыныш болсын.
Қазақ елі жасасын бірлігі мен ынтымағы жарасқан!

Жамбыл облысы жауынгерлік өнер ассоциациясының баспасөз қызметі.

Жамбыл облысы