Жаңалықтар
Ауыр атлетикадан Азия чемпионатында қазақстандықтар үш медаль алды
- author BAQ-Orda
- 24 шілде, 2022
- 262

Ауыр атлетикадан Азия чемпионатында қазақстандықтар үш медаль алды
Ауыр атлетикадан жасөспірімдер мен жастар арасындағы Азия чемпионатында қазақстандық спортшылар 24 шілде күні үш медаль жеңіп алды.
Жасөспірімдер арасында 102 келіде Никита Абдрахманов алтын медаль жеңіп алды. Ол қоссайыстың нәтижесінде 354 (158-196) келіні бағындырды.
Сондай-ақ, ол бұдан бұрын 20 жасқа дейінгілер арасында күміс жүлдегер атанған болатын.
Ал 17 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасында Жолтай Санжар (102 келі), 20 жасқа дейінгі жастар арасында Динара Қыпшақбай (81 келі) қола жүлдеге қол созды.
Айта кетсек, бұдан бұрын ел құрамасынан Едіге Емберді (73 келі), Әлішер Байбуров (67 келі), Денис Полубояринов (81 келі) алтын медаль алды.
Сондай-ақ Надежда Ли (64 келі), Аружан Дәулетова (71 келі), Алексей Чуркин (73 келі) күміс медальға қол жеткізді. Ал Ерасыл Омаров (55 келі), Азамат Төлеген (61 келі), Егор Шерер (81 келі) қола жүлдегер атанды. Құрлықтық додаға ұлдардан - 13, қыздардан 9 ауыр атлет барды. Азия чемпионаты 25 шілдеде мәресіне жетеді.
Келесі мақала
Атырауда көлік апатынан үш адам мерт болды
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
Қарағанды да 8 наурыз мерекесі қарсаңында кімдерге төлем беріледі
- авторBAQ-Orda
- 26 ақпан, 2025
Жаңалықтар
Нұрсұлтан Жақсыген бұрынғы жарына жазған хаты желіні шулатты
- авторBAQ-Orda
- 26 ақпан, 2025