
Алматыда мектеп формасы қою көк түсті болады
Алматылық оқушылар қою көк түсті форма киеді. Бұл туралы брифинг барысында қалалық Білім басқармасының басшысы Ләззат Жылқыбаева айтты.
«Білім және ғылым министрінің бұйрығына сәйкес, бірыңғай мектеп формасы 2016 жылы бекітілген болатын. Пандемия кезінде оқушыларға еркін киінуге рұқсат бердік. Жаңа оқу жылынан бастап мектеп формасын киеді, яғни – қою көк түсті форма»,- деді спикер.
Сонымен қатар ол ата-аналар мектеп формасын өз қалауы бойынша таңдайтынын атап өтті.
«Мектеп формасын ата-ана өзі таңдайды. Аяқ киімге келер болсақ, классикалық туфли киюге міндеттемейміз. Бала өзіне ыңғайлысын киеді»,- деді Ләззат Жылқыбаева. Бұған дейін мектеп формасы Нұр-Сұлтан қаласында бірыңғай болатынын жазған болатынбыз.
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
Қарағанды да 8 наурыз мерекесі қарсаңында кімдерге төлем беріледі
- авторBAQ-Orda
- 26 ақпан, 2025
Жаңалықтар
Нұрсұлтан Жақсыген бұрынғы жарына жазған хаты желіні шулатты
- авторBAQ-Orda
- 26 ақпан, 2025