Контентке өту

5 күн өтті… Түркістанда суға кеткен 8 жасар бала әлі табылмай жатыр

5 күн өтті… Түркістанда суға кеткен 8 жасар бала әлі табылмай жатыр

Түркістан облысында 8 жасар баланың жоғалып кеткеніне бес күн болды. Алайда іздеу жұмыстары әлі нәтиже берген жоқ, деп хабарлайды kznews.kz.

Оқиға 23 наурыз күні Келес ауданындағы Абай ауылында болған. Екінші сынып оқушысы Жаннұр Тұрсынбек балалармен ойнап жүріп, арыққа түсіп кеткен аяқ киімін алмақ болады. Сол сәтте тайып құлап, ағысқа түсіп, Келес өзеніне ағып кеткен. Оқиғаны бірге ойнап жүрген балалар көрген.

Содан бері құтқарушылар, полиция қызметкерлері және жергілікті тұрғындар баланы үздіксіз іздеп жатыр. Іздеу жұмыстарына 120-дан астам адам, арнайы техника, қайықтар мен дрондар тартылған.

Алайда уақыт өткен сайын алаңдаушылық күшейіп келеді. Туыстары іздеу жұмыстарының баяу жүріп жатқанын айтып, жауаптыларға наразылық білдіруде. Олардың сөзінше, оқиға болған жерде қоршау да, ескерту белгілері де болмаған.

Құтқарушылар өзен жағалауын толық тексеріп жатыр, бірақ әзірге нақты нәтиже жоқ. Мамандар ата-аналарға балаларды қараусыз қалдырмауды және су маңында қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауды ескертті.

Қазір бүкіл ел болып тілеген жалғыз нәрсе – баланың аман табылуы…

'БАҚ Орда' ақпараттық порталы

Baq-orda.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламаларды өткізіп алмаңыз және сүйікті айдарларды кез келген жерде бақылаңыз.

Қосымша скриншоты Қосымша скриншоты